Желі қолданушыларының басым бөлігі Мадина Сәдуақасованың образы сәтті шыққанын айтып, түрлі пікір қалдырған.
«Сумитрадан аумай қалдыңыз»: Мадина Сәдуақасова үнді қызының кейпіне енді
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina
2,446
оқылды

Әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде жаңа образдағы бейнежазбасын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі бұл жолы үнді қызының кейпіне енген. Бейнежазбада әншінің бетін әрлеген сәттен бастап киім үлгісі ауысқан кез көрсетілген. Әнші үнді стилінде осылай видеоға түсуге 12 сағат уақыт жұмсағанын айтады. 

«Менің нұсқам қалай сіздерге? 12 сағаттық жұмыстың нәтижесі», – деп жазды әнші. 

Желі қолданушыларының басым бөлігі Мадина Сәдуақасованың образы сәтті шыққанын айтып, түрлі пікір қалдырған.

«Қандай әдемісіз?! Сізге мына образ жараса кетті», «Сұлулықтың символы!», «Нағыз үнді қызы болдыңыз ғой», «Келін» сериалындағы Сумитрадан аумай қалдыңыз»  деп жазды желі қолданушылары.