"Тойота" автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза тапты
Фото: inbusiness.kz
253
оқылды

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тасжолында, Ақсу-Аюлы кентіне жетпей «Рено» жүк көлігі мен «Тойота» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.