Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға есірткі жеткізбек болғандар ұсталды
365
оқылды

Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстаннан Еуропа елдеріне есірткі жеткізбек болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткен жылдың соңында «Солтүстік бағдар» деп аталатын халықаралық есірткі жеткізу арнасының жолын кесу бойынша операция жүргізді.

«Жедел жете тексеру барысында Ауғанстаннан Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне есірткі контрабандасының қолданыстағы арнасы анықталды.

Комитет шетелдік серіктестермен және Германияның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, халықаралық есірткі синдикаттарының бірінің дамыған желісін анықтады. Жете тексерудің соңғы кезеңінде Германияда 60 келі апиын мен 12 келі метамфетаминді тасымалдау кезінде екі шетелдік ұсталды. Германияның құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», – деп жазылған хабарламада.

Есірткі трафигінің халықаралық арналарын бейтараптандыру жөніндегі шаралар жалғасып жатыр.