Саяхат – әр адам үшін эстетикалық ләззат сыйлайтын, жаны мен тәні демалатын, сананы естеліктерге толтыратын дүниенің бірі.
Саяхат кезінде ақша үнемдеу жолдары: 15 лайфхак
istockphoto.com
1,064
оқылды

Aikyn.kz  осыған орай саяхат кезінде қаржыны үнемдеудің 15 түрлі жолын ұсынады:

1. Туроператорлардың қызметіне артық ақша төлегенше, саяхатты өз бетіңше жоспарлаңыз.
2. Жолға шығуға көпшілік таңдайтын маусымдарды таңдамаңыз. Туристер аз болған сайын, жолдың құны да төмен болады.
3. Қонақүйлердің орнына хостелдер мен гестхаустар таңдаңыз. Әсіресе егер көптеген экскурсия жасауды жоспарласаңыз.
4. Егер баратын қалаңызда қоғамдық көліктерді пайдаланбақ болсаңыз, билет құнын алдын ала біліп алыңыз. Ал көліктерге тапсырысты интернет арқылы алдын ала беріп қойған дұрыс.
5. Еуропа қалаларында автотұрақтардың көбі ақылы. Егер автокөлікті жалға алған болсаңыз, сауда үйлерінің айналасынан тегін тұрақтарды іздеңіз.

6. Кафені туристер көп жиналатын мекендерден тыс жерден таңдаңыз. Сауда үйлерінің фудкорттарынан қарапайым фастфудтан өзге жергілікті тағамдарды кездестіруге болады. Олардың бағасы кафе мен мейрамханалардың бағасынан әлдеқайда арзан болады. Жергілікті және маусымдық тағамдарды таңдаңыз.
7. Мұражайға баратын болсаңыз, мұражай картасын алу мүмкіндігін қарастырыңыз. Егер студент болсаңыз, саяхатқа студенттік куәлігіңізді алуды ұмытпаңыз. Көптеген мұражай әлемнің кез келген ЖОО-да оқитындар үшін үлкен жеңілдіктер жасайды.
8. Егер әуежайдан таксиге отырмақ болсаңыз, басқа жолаушылар арасынан жолсерік тауып алыңыз. Немесе әуежайдан баратын жеріңізге жетудің басқа да баламаларын интернеттен іздестіріп көріңіз (автобус, шаттл-бас, такси шақыратын қосымшалар).
9. Жеңілдіктер ұсынылған сайттарды қарап шығыңыз. Groupon сияқты қызмет көрсету сайттары әлемнің көптеген еліндегі қызметтер мен тауарларға жеңілдіктерді ұсынады.
10. Ұялы телефоныңызға офлайн да жұмыс істей беретін картасы бар қосымшаны қойып алыңыз. Осылайша, сізге қымбат интернет-трафик үшін ақша төлеудің қажеті болмайды. Google Maps-та белгілі бір қаланың немесе кішігірім елдердің картасын көшіріп алуға мүмкіндік береді.

11. Көптеген елде ірі саудалар үшін салықты қайтарып алу мүмкіндігі бар (Tax Free). Ол үшін  Tax Free  белгісі немесе стикері бар орындарды іздеңіз және міндетті түрде чектерді сақтаңыз.
12. Көрікті жерлерге жұмыс күндері бару арқылы кіру билетіне үнемдей аласыз. Демалыс күндері бағасы қымбатырақ, әрі адам да көп болады.
13. Көптеген көрнекі жерлерге өз бетіңше жетуге болады, бірақ дайын тур әлдеқайда арзан.
14. Банктен шетелде карточкадан қолма-қол ақша шешіп алудың комиссиясы қанша болатынын нақтылап алыңыз. Айырбас бағамының айырмасында ұтылғанша, кейде картамен барған әлдеқайда арзан. Оған қоса, көптеген банктер шетелде картамен төлегені үшін жеңілдіктер мен бонустар ұсынады.
15. Туристер көп жиналатын жерлерге, әуежайға қарағанда ірі супермаркеттер мен базарларда кәдесыйлар арзан болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.