Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұлытау облысында криминалист марқұмның күйік шалмаған саусағы арқылы қылмысты ашты
Фото: polisia.kz
445
оқылды

Өзінің мұқияттылығы мен тәжірибесінің арқасында криминалист кісі өлтіру қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың наурыз айында Ұлытау облысында қамыстар арасынан ер адамның мәйіті табылған болатын. Марқұмның денесі мен киімі толық өртеніп кеткендіктен оның жеке басын анықтау мүмкін еместей көрінген.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының құрамында криминалист полиция майоры Дастан Мағзұмов болды.

Мәйітті мұқият қарап шыққан полицей саусақтың күйік шалмаған бөлігін байқады. Бұл ер адамның жеке басын анықтауға көмектесті. Одан кейін тәртіп сақшылары қылмыскерлерге шыға алды.

Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.