Тұрғымбаев бірнеше күн бұрын қолға түскен болатын.
Тұрғымбаев екі айға қамалды – Бас прокуратура
Фото: gov.kz
321
оқылды

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі ай мерзімге қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып.

«Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істер министрі Е.З.Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деп хабарлады Бас прокуратура.

Айта кетейік, Тұрғымбаев бірнеше күн бұрын қолға түскен болатын. Ол «ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін» ұсталған.