Жеңіс Қасымбек әкімдік әрбір жолаушыға шамамен 250-300 теңге субсидия төлеп отырғанын атап өтті.
Астанада жолақы 20 теңгеге қымбаттайды
Фото: weproject.media
717
оқылды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жазда қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке слітеме жасап.

"Біз жол жүру ақысы жазда өзгереді деп отырмыз. Жолақы 10 жыл бұрын белгіленген болатын, ол кезде 90 теңге болды, ал енді 110 теңге болып өзгермек. Осы уақыт аралығында жүргізушілердің жалақысы мен бензиннің құны өзгерді, сондықтан бұл өте орынды деп ойлаймын", – деді Жеңіс Қасымбек.

Қасымбек әкімдік әрбір жолаушыға шамамен 250-300 теңге субсидия төлеп отырғанын атап өтті.

Бұған дейін Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин елордада автобуста жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге көтеруді ұсынған болатын.