Жол апаты 30 сәуір күні «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1201-шақырымында болған.
Ақмола облысында жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты
Фото: inbusiness.kz
896
оқылды

Ақмола облысының аумағындағы «Алматы-Екатеринбург» тасжолында екі көлік соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 30 сәуір күні «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1201-шақырымында Тасты және Қараменді батыр ауылдары арасында болған.

Белгілі болғандай, «Audi A6» жеңіл көлігімен «ГАЗель» соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 35 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынған. Сонымен бірге тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп түсіндірді ведомстводан.