9-12 мамыр күндері Түркияның Стамбулда өтетін күрес түрлерінен соңғы іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы сапында өзгеріс орын алды, - деп хабарлайды Аikyn.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Еркін күрестен лицензиялық турнирге Нұрқожа Қайпанов қатысады
887
оқылды

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов 74 келі салмақта Нұрғожа Қайпановтың белдесетінін мәлімдеді. Бұған дейін аталған салмақта Талғат Сырбаз күреседі деп жоспарланған.

"Талғат Сырбаз белін жарақаттап алды. Сол себепті, Стамбулдағы турнирге Қайпанов қатысады", - деді бас бапкер. 

Нұрғожа Қайпанов Бішкекте (Қырғызстан) өткен лицензиялық турнирге қатысып, жартылай финалда ирандық балуанға ірі есеппен жол берген еді. 

Еске салайық, еркін күрестен Қазақстан командасында 57, 65 және 74 келі салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.