Келушілерге тегін үйлестіруін, үйге ерте қайтып, әйелімен мейрамханаға баруын сұрайды.
Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті
Фото: видеодан кадр
2,681
оқылды

Желіде базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған әйелдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл видеоны Айзат есімді блогер парақшасында жариялаған. Онда ол базарда суықта шай сайып тұрған ағайға 60 мың теңге беріп, барлық шайын сатып алады. Кейін келушілерге тегін үйлестіруін, үйге ерте қайтып, әйелімен мейрамханаға баруын сұрайды. 

"Ағамыз күннің суығы мен ыстығына қарамай, базарда адамдарға қызмет жасап жүр екен… "Балаларым шықпа деп айтса да, өзіме жұмыс істеген ұнайды" дейді аға. Міне, нағыз еңбекқор, жұмыс істеймін деген адамға, екі қолға күрек табылады деген осыдан шыққан", - деп жазған ол. 

"Бүгін үйге ертерек қайтыңызшы. 20 мың теңге, бәрін сатып аламын, ал мына 40 мың теңге сізге, әйеліңізбен кездесуге барып қайтыңыз. Шайды бәріне тегін таратсаңыз болады", - дейді әйел видеода. 

Отбасымен мейрамханаға барған ер адам алғысын айтып, видео жолдады.