Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады
464
оқылды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Aikyn.kz аталған органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды, – деп мәлімдеді Бас прокуратура. 

Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚПК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген.