Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті азаматтық қоғаммен өзара тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлермен бірлесіп азаматтарға тегін заң көмегін көрсету, құқықтық кеңес беру бағытында іс-шара өткізді.
Құқықтық кеңес береді
284
оқылды

2023 жылдан бастап жүзеге аса бас­таған жоба республиканың барлық өңі­­рін қамтиды. Жобаға қосылған ерік­­тілер сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл және түрлі мекемелердің қыз­­метіндегі ашықтықты арттыру бойын­­ша жұмыс істейді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­­мыл агенттігінің Астана қаласы бойын­­ша Превенция басқарма басты­ғы­­ның орынбасары Уәлихан Қура­маев­­тың айтуынша, жоба аясында «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы моби­льді топ» құрылған. Олар халыққа қыз­мет көрсету орталығының қыз­ме­тіне мониторинг жүргізді және Астана қа­ласы аудандық әкімдіктерінің қыз­метін сүйемелдеуге, сондай-ақ сауда ор­талықтары мен супермаркеттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­де­ниетті насихаттауға бағытталған ағарту іс-шараларын өткізуге белсенді қаты­сады.

«Астана қаласы бойынша 209 ерік­тілердің басын қосқан жобаның мақ­са­ты – азаматтардың заң консульта­ция­сына қол жеткізуін қамтамасыз ету жә­не олардың өзекті мәселелерін заң­ға сәйкес жедел шешуді қамтамасыз етеді. Жоба аясында жылдың аяғына дейін қаланың 5 ауданында халыққа құ­қықтық кеңес беретін боламыз», – деді. Ол халықты көбіне денсаулық жә­не білім беру саласына қатысты сұ­рақтар мазалайтынын айтады. Өйт­кені еріктілер тобына аталған салалар бойын­ша сұрақтар көп түседі екен. 

Жобаны жүзеге асыру барысында бел­сенді азаматтарды, қоғамдық бір­лес­тіктерді жеке және квазиме­м­ле­кет­тік сектор субъектілерін, сондай-ақ бас­қа да ұйымдарды сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-шараларға волонтер р­е­тінде тарту жоспарланған.

«Астана жастарын сыбайлас жем­қорлыққа қатысты кез келген әрекетке бей­жай қарамауға және еріктілер қата­рына қосылуға шақырамын. Біз бірге сыбайлас жемқорлықпен күресу және адал қоғам құру үшін көп нәрсе жасай аламыз, – деді ол. 

Ниет білдірген жастардың тізімі жа­сақталып, алғашқы жұмыстарға бас­тау берілді. Оларға қоғамдық бақы­лау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерт­теулер және білім беру, Probono ерік­тілік (кәсіби көмек көрсету), кор­по­ративтік еріктілік бағыттары бойын­ша түсіндіру жұмыстары жүр­гі­зіледі. Сонымен қатар еріктілер өз­де­­­рінің мүдделеріне және олар жүзеге асы­ратын қызмет түріне қарай жеке іс-шараларды немесе жобаның бағыт­тарын таңдай алады. Жоба волонтер­лерінің құқықтары мен міндеттері Қа­зақстан Республикасының «Волон­тер­лік қызмет туралы» заңына сәйкес қор­ғалады.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ