Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов­тың төра­ғалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жал­пы отырыстың күн тәр­тібі нақтыланды.
Ерлан Қошанов­тың төра­ғалығымен бюро отырысы өтті
418
оқылды

Депутаттардың талқылауына есірткі, пси­хот­роп­тық заттардың және олардың пре­курсорларының заң­сыз айналымына қар­сы іс-қимыл мәселелері бойын­ша өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу тура­лы заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылады.       

Заң жобасында Қылмыстық, Қыл­мыс­тық-про­цестік кодекстерге және «Халық ден­саулығы және денсаулық сақтау жүйесі ту­ралы» кодекске, сондай-ақ бірқатар заң­ға өзгерістер енгізіледі. Атап айтқан­да, пре­курсорлармен және күшті әсер ететін зат­тар­мен жұмыс істеу қағидаларын сақтау мін­детіне кі­ре­­тін адамдар үшін осындай қағи­даларды бұзғаны үшін қылмыстық жауап­кершілік енгізіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 нау­рыздағы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатымен депу­тат­тар есірткі заттарын заңсыз өндіру үшін жауап­кер­ші­лікті қатай­туға бағытталған түзетулерді енгізді. 

Жалпы отырыстың күн тәртібінің жо­ба­­сына бі­рін­ші оқылымда мемлекеттік ста­­­­тистика және де­рек­терді басқару мә­се­ле­лері жөніндегі заң жобасы да енгізілді.

Парламент депутаттары әзірлеген заң жоба Ұлт­тық статистика бюросы мен Ци­фр­­лық даму, инно­вациялар және аэро­ға­рыш өнеркәсібі министрлігінің деректерді бас­­қару саясаты саласындағы өкілеттік­те­рі мен құзыреттерін бөлу, Бюро қызметін циф­­­­­рлан­дыруға және оны мемлекеттік ор­­­­­гандар база­лары­мен интеграциялауға, сон­­­дай-ақ әкімшілік жә­не баламалы көз­дер­­ден деректерді жинау әдісте­рін жетіл­діру­­ге бағытталған.

Мәжіліс Қытай Халық Республи­ка­сы­мен ха­лық­аралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ра­тификациялау туралы жә­не ішкі істер орган­да­ры­ның қызметі са­­­­­­­ласындағы нормалардың артық (ша­­­­­ма­дан тыс) заңнамалық регламенттелуін бол­­­­­ғыз­бау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы туралы заң жобаларын жұ­мыс­қа алады.