Медет Тасырханұлы құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері қызмет еткен.
ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов өмірден өтті
Фото: ІІМ
595
оқылды

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов өмірден өтті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты. Оның соңғы атқарған қызметі – Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары», - делінген хабарламада.

Медет Тасырханұлы құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері қызмет еткен. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тумасы.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының Талғар аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастаған.

Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, соның ішінде ҚР ІІМ Тергеу департаменті тергеу және аймақтық бақылау басқармасының бастығы болды.

2019 жылы Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары болып тағайындалған.

2022 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.