Мәліметке сүйенсек, күдікті – балалардың туған әкесі. Әйел балаларын 43 жасында эко арқылы дүниеге әкелген. Ол егіз ұл бен қызды көп күткен.
Атырауда 3 жастағы егіз ұл мен қызды туған әкесі зорлағаны туралы ақпарат тарады
Фото: Freepik
852
оқылды

Атырауда 3 жастағы егіз ұл мен қыз жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырады деген ақпарат тарады. Бұл туралы НеМолчиKZ қоры өкілдері жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, күдікті  балалардың туған әкесі. Әйел балаларын 43 жасында эко арқылы дүниеге әкелген. Ол егіз ұл бен қызды көп күткен.

"Ол көптен күткен балаларына туған әкесі "тиіседі" деп күтпеген, бірақ ақыр аяғында екі баладан да жарақат табылды...",  деп жазылған мәліметте.

Алғашқы белгілер балабақшада байқалған: балалар бір-бірінен ажырағысы келмеген. Кейін балалардан қан көрінген. 

Балалардың анасы кінәлі адам жазаланғанын қалайды. Оның сөзінше, күдіктінің құзырлы органдарда таныстары бар. Енді әйел балаларына оңалту шаралары қажет екенін де жеткізді.

Қор Атырау облысының прокуратурасы мен Полиция департаментіне жүгініп, толық тергеу жүргізуді сұрады.

"Ер адам басқа балаларды зорлауы мүмкін, отбасылар жапа шегеді. Істі қадағалаңыздар. Біз балалар салған суреттерді де көрдік, 3 жасар балалар мұндай суреттерді қалай салады? Олар бірнәрсені қайталай береді: "ауырады, әке жаман, әкем осылай жасады, бұлай жасады",  деп жазылған мәліметте.