Сондай-ақ Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстары қолға алынған.
Құлсарыда су басқан аймақты тазарту жұмысы қашан аяқталады?
Фото: massaget.kz
2,733
оқылды

Атырау облысы Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен аумақты тазарту жұмыстарын мамырға дейін аяқтау жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, Жем өзені арнасынан асып, Құлсары қаласындағы 2 920 үй су астында қалған.

«Қазір 1,2 млн текше метрден астам су сорылды. Соның нәтижесінде 1 345 тұрғын үй, 55 әлеуметтік нысан судан тазартылып, тұрғындар үйіне оралып жатыр. Тасқын су басқан аумақтарды толық тазарту жұмыстарын мамырға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр», – дейді Серік Шәпкенов.

Сондай-ақ Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстары қолға алынғанын атап өтті. Зардап шеккен тұрғындарға уақытша пәтер жалдау үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 369  200 теңге бірреттік төлем, басқа да қажеттілігі үшін көмек көрсетіліп жатыр.

«Жылыой ауданының тұрғындарынан 3 398 өтініш түсіп, 3 271 тұрғынға жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге төленді. Тасқын судан келген залалды анықтау мақсатында әкімдік жанынан комиссия құрылып, 2 272 тұрғынның өтініші қабылданды. Арнайы мекемелер су басқан нысандарда техникалық зерделеу және бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғындар өтініші өзімнің жіті бақылауымда болады», – деді Серік Шәпкенов.