Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған.
4 облыста су тасқынына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Фото: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК БҚО филиалы
599
оқылды

Қазақстанның 4 облысында (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, сағат 09:00-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (СҚО, Қостанай) 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болды.

4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 463 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған.