Бүгін ауа райы қандай болады?
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 24 сәуірге арналған ауа райы болжамы
2,486
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін ел аумағының басым бөлігіне Оңтүстік циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. 

Соның әсерінен найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. 

Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі бар.