Кездесу барысында елшілік пен министрлік арасындағы өзара түсіністік мәселелері талқыланды. 
Бағдат Мусин ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті
Фото: ЦДИАӨМ
1,089
оқылды

Кеше Астана қаласында  Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екі ел арасындағы даму, сондай-ақ ҚР ЦДИАӨМ мен ҚХР өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар саласындағы серіктестікті нығайту мәселесіне баса назар аударылды. 

Айта кету керек, екіжақты қатынастардың қолда бар әлеуеті инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективаларын көрсетеді. 

Өз кезегінде ҚХР ҚР-дағы Елшісі екі елдің стратегиялық әріптестігі жоғары дамуға ие екенін растады.