Ел бесігі – ауыл
Ел бесігі – ауыл
466
оқылды
Кеңес одағы кезінде ветеринар мен агрономға айрықша көзқарас болды. Мал дәрігерлері қысы, жазы шаруашылықтың ішінде жүріп, төрт түліктің жай-күйін қағадалап отыратын. Соның арқасында Қазақстанда егін шаруашылы да, мал шаруашылығы да өркендеп өскенін білеміз. Алайда, бүгінгі күні оқу бітірген жас маман ауылға қайт десең бетінен басады. Шаруашылық иесіне кеңес беріп отыратын кәсіби кадрлардың азайып кетуінен салада көптеген проблема қалыптасты.  width= Шынын айтсақ, ауылдық жерлерде агроном, ветеринар маман тапшы. Жұмыс істеп жатқандарының жасы елуді еңсеріп қалғандар, яғни олар зейнетке шыққанда орнын басар кадр қалмауы мүмкін. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы мамандығын бітіріп шыққан студенттердің тек 68% жұмысқа орналасады. Ал қалғаны қалада қалып, өзге салаға кетеді. Мұның бәрі жұмыстың жоқтығынан емес, бос жұмыс орны көп. Бірақ оның бәрі ауылда.  width= Мәселен, осы жазда Батыс Қазақстан облысында шекарадағы фитосанитарлық бекеттерге 50-ге жуық агроном мен ветеринар жетіспегені айтылды. Ал, республика бойынша аргосекторға екі мыңнан астам маман қажет екен.  Алайда жоғары оқу орындарынан жыл сайын 5 мыңға жуық түлек бітіріп жатыр. Сондықтан, салаға маман дайындауда мемлекет есебінен беріліп жатқан гранттық жүйеден несиеге оқытуға ауысуды қарастыру қажет. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАК басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков осындай ұсыныс жасады.  width= Оның айтуынша, Қазақстан білім туралы заңына өзгерістер енді. Енді оқу бітірген студент ауылдық жерде орналасқан аграрлық мекемелерде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті. Міне, осы өзгеріс агроөнеркәсіпке квотамен жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Мысалы, Польшадағы университетке қабылданғаннан кейін өтініш беруші, университет, Білім министрлігі мен жұмыс беруші арасында төрт жақты келісім жасалады. Оқуды бітірген соң, түлек мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс істейді. «Бізге де осындай жүйе керек, себебі жыл сайын бюджеттен студенттің оқуына деп қаражат жұмсалады. Егер несиелік жүйеге оқып шыққан түлек ауылға барып жұмыс істеуден бас тартса, несиесі коммерциялық несиеге айналып, оны қайтаруға міндетті болар еді», – деді ол.  width=
Өйткені соңғы кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бағдарламасы аясында өнімді қадағалаудың салалық жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Яғни, сатып алушы сөредегі азық-түлік туралы толық ақпаратты смартфонның көмегімен анықтай алады. Ол үшін арнайы QR-кодты сканерлесеңіз болғаны, мәлімет – алақаныңызда. Сол арқылы тұтынушы дүкендегі азық-түліктің қайдан келгенін, қайда өскенін немесе кім өсіргенін, қай жерден тасымалданғанын біле алады. Одан бөлек, ет өнімі болса, малдың егілген, егілмегенін және иесі кім екенін түгел анықтай аласыз.
Бұл жүйе Қазақстанға өз өнімін экспортқа шығаруға мүмкіндік бермек. Осы тұрғыда министрлік қадағалау жүйесін сүт өнімдері және тауық жұмыртқасынан бастауды көздеп отыр. Себебі, ЕАЭО елдерінде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің аталған түрлерін таңбалау бойынша жоба жүзеге асырылуда. Сол секілді ауыл шаруышылық мамандарын даярлаудағы жаңалықтан қорықпауымыз керек. Бұл – білікті маман даярлау ғана емес, тұғырлы ел болудың жолы.