Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Мемлекет басшысы Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды
366
оқылды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.