Жұмыс шығын бағаланғаннан кейін басталмақ.
Тимур Құлыбаев су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына қанша қаржы бөлгені белгілі болды
Фото: inbusiness.kz
5,572
оқылды

Тимур Құлыбаев Атырау облысындағы су тасқыны зардабын жоюға 30 млрд теңге бөледі. Бұл туралы Telegram-дағы Energy monitor арнасы  жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіру мен салуға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сонымен қатар табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарды қолдауға бағытталады. Жұмыс шығын есептелгеннен кейін басталмақ.

«Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды уайымдап отырмыз. Алғашқы күннен бастап су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетудеміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен біз барлық қиындықты бірге еңсеретінімізге сенімдімін», – деді Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қостанай облысына сапары кезінде Forbes тізіміне енген ірі кәсіпкерлермен сөйлесетінін, олар су тасқынынан зардап шеккен әр облысқа бекітілетінін айтқан болатын.