Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Оксфорд ислам зерттеулері орталығының директоры Фархан Ахмад Низамимен кездесті. Іс-шара барысында ғылыми-зерттеу және рухани дипломатия саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері тал­қыланды.
Оксфорд ислам зерттеулері орталығының директорымен кездесті
1,389
оқылды

Палата Спикері қазақстандық ғалымдармен бел­сенді байланыс ор­­натқаны үшін Фархан Ахмед Ни­за­миге алғыс білдіріп, бұл қазіргі жаһан­дық мә­селелерді шешуге екі тараптың ғылыми қауым­дастығын жұмылдыру жолындағы маңызды қа­дам екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол Қазақстан «Бірлік – әр­алуандықта» қағидатына табан тірейтінін айтып, Оксфорд ислам зерттеулері орталығымен бай­ла­нысты одан әрі арттыруға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары cъезі­нің бейбітшілік, сенім және диалог мәдениетін дәріптеудегі рөлі туралы да сөз болды. Сондай-ақ съез­дің ал­да­ғы 10 жылға арналған Даму тұ­жырымдамасында көздел-ген мін­дет­терді бірлесіп іске асы-рудың маңызды екені ай­тылды.

«Қазақстанда өткізіліп келе жат­қан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жиырма жыл ішінде діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диа­логті дәріптейтін бе­делді әрі мойын­далған халықаралық алаңға айнал­ды. Біз былтыр съезді дамытудың алдағы он жылға арналған Тұжы­рымдамасын қабылдадық. Форум­ның қызметі климаттың өзгеруі, теңсіздік, экс­тремизм, соғыс сияқты бүгінде әлем бетпе-бет келіп отыр­ған сын-қатер­лерді еңсеруге жәр­демдесу үшін дін көшбасшылары, саясаткерлер және халық­ара­лық ұйымдар арасындағы ынты­мақ­тас­тықты нығайтуды көз­дейді. Бұл ретте рухани дипломатия­ның әле­уеті зор екені анық. Сон­дықтан біз сіздердің орталықтарыңыз­бен осы бағыттағы бірлескен іс-қимыл­ды одан әрі нығайтуға мүд­де­ліміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде Фархан Ахмад Ни­зами кездесу үшін Мәулен Әшім­баевқа алғыс білдіріп, екі тарап арасындағы байланыстарды және ғылыми-зерттеу ба­ғытындағы ын­тымақтастықты арттыруға бейіл еке­­нін жеткізді.