Ақтөбе облысындағы жағдай әлі де күрделі. Десе де қысылтаяң шақта көмекке жұмылып жатқан жастар көп.
Сын сағатта бір-бірімізге көмек беретін қасиетімізден айырмасын – студент
1,146
оқылды

Бұл туралы Ақтөбедегі «Жастар Рухының» өкілі, студент Толочко Владислав айтты.

Өзім туып-өскен «Көк үй» ауылы тасқын су құрсауында қалған болатын. Екі жерден электр бағандары зақымданып, тұтас ауыл жарықсыз қалды. Мұны маған ауылда электрик болып жұмыс істейтін әкем хабарлап айтты. Осы кезде өңірімізге «Біз біргеміз» қорының жетекшісі Перизат Қайрат пен «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы  Ақерке Ескендірова келген болатын. Оларға бар жағдайды баяндап, электр генераторларын алуға көмек сұрадым. Бірден келісті. Ауылға генераторлар мен гуманитарлық көмекті тікұшақпен жеткіздік. Қазір ауылда жарық бар. Су толық тартылғанша, осы құралдар арқылы халыққа жарық беріліп отыр. Жиренқопа арқылы азық-түлік көмегі жеткізіліп жатыр. Енді бәрі қалпына келеді деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сын сағатта бір-бірімізге көмек көрсете білдік. Лайым осы қасиетімізден айырмасын!-деді ол.