Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, сот актілерін өзгертті.
Жоғарғы сот адвокаттың өтінішхаты бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің режимін жұмсартты
Фото: aigak.kz
974
оқылды

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қорғаушы-адвокаттың өтінішхаты бойынша В.Гибертке қатысты қылмыстық істі қарады.

«Сот үкімімен Гиберт алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобына атыс қаруын қолданып, ірі залал келтіре отырып, заңсыз аңшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 4-тармағы). Оған 7 жылға дейінгі мерзімге аңшылықпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 3 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу тағайындалған», - делінген хабарламада.

Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, сот актілерін өзгертті. Гиберттің қылмыс жасаудағы кінәсі күмән тудырмайды және жәбірленушінің өкілінің, куәлардың, бейнежазбалардың және сарапшылар қорытындысының айғақтарымен дәлелденген.

Сотталушыға заң талаптары мен істің барлық мән-жайы ескеріліп, әділ жаза тағайындалған.

Бұл ретте, Қылмыстық кодекстің 46-бабы 5-бөлігінің 1) тармағына сәйкес, зорлық-зомбылықпен байланысты емес экологиялық қылмыстар жасаған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеу тағайындалады.

Заңның осы талаптарын басшылыққа ала отырып, сот алқасы Гиберттің жазасын өтеу режимін қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріне өзгертті.