Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан жолдарының 95 пайызын 2025 жылға дейін жөндеу және тәртіпке келтіру туралы тапсырма берген.
Ауылда өрт сөндірушілер бәрі өртеніп кеткен соң келеді – депутат
991
оқылды

Осыған байланысты «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан жолдарының 95 пайызын 2025 жылға дейін жөндеу және тәртіпке келтіру туралы тапсырма берген. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында республикалық автожолдарды салуды және реконструкциялауды, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу көзделген.

Ежелден келе жатқан халқымыздың: «Жол мұраты жету» деген аталы сөзінің қадірін Қарағанды облысы Нұра ауданы Құланөтпес ауылының тұрғындары тәнімен де, жанымен де толығымен сезінді. Ауылды аудан және облыс орталығымен байланыстыратын жалғыз жолдың мүлдем сын көтермейтін жағдайда деген тұрғындардың жанайқайын төрт шақырылым бойы Мәжіліс депутаттары қайта-қайта көтеріп халықты үміттендіріп келеді. Тек кейінгі бес жылдың ішінде 3 облыс әкімі 4 салалық министр ауысып үлгерді, ал халықты қажытқан жол еш өзгеріссіз, Абай атамыздың «Баяғы жартас, бір жартас!» деген қалпында.

Аудандық маңызы бар, өткен ғасырдың 60-жылдары салынған ұзындығы 21 шақырымды құрайтын «Жараспай-Құланөтпес» автомобиль жолы негізінен топырақ үйіндісінен көтеріліп, оған ұсақ қиыршық тас төселген грейдер жол, 4-техникалық санатқа жатады және жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінде.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері жергілікті бюджетке бір де тиын төлемейтін ауыр салмақты көлік құралдары онсыз да жөндеу көрмеген жалғыз жолды одан әрі қирата берді. Бүгінде бұл жол – апаттық жағдайда. Осының салдарынан ауыл тұрғындарының аудан және облыс орталықтарына қатынауы қиындап, оларға жету үшін көлік жүргізушілері осы грейдер жолдан түсіп, оны қатарлас дала жолмен айналып өтуге мәжбүр болады. Бұл жағдай өз кезегінде онсыз да тозығы жеткен автокөліктердің істен шығуына және қосымша шығындарға әкеліп соғуда. Қатарлас дала жолмен жүру мүмкіндігі тек жаз айларында ғана. Сонымен осы күретамыр жол арқылы қатынайды. Көлiк ағынының тәулiктiк қарқындылығы өте жоғары. Орта есеппен Құланөтпес ауылы арқылы 60-70 әртүрлі автокөлік өтетін.

Осы жолмен облыс орталығынан жолаушылар тасымалдайтын автобус та, аудан мен облыс орталықтарына жеткізілетін науқас адамдар мен жүкті әйелдер де, оқушы балалар да тасымалданады. Мұның үстіне стационарлық аурухана аудан орталығында болғандықтан, сапалы және уақытылы медициналық көмек алу мәселесі осы жолға тіреліп тұр. Сонымен қатар, сапалы жолдың болмауынан көптеген жүкті әйелдер өз үйінде босануда. Бұл жолмен аудан басшылары мен әртүрлі мемлекеттік қызметкерлер де, құқық қорғау органдарының өкілдері де жүреді.

Сонымен қатар өрт сөндіру машинасының болмағандығынан, 78 шақырым жерде орналасқан аудан орталығынан келетін өрт сөндірушілер ауылдағы үй немесе қора-қопсы түк қалмай өртеніп кеткен соң жетеді. Ал бірнеше жыл бұрын өрт сөндірушілердің дер кезінде жете алмауынан, ауылдық орталық кеңсе талай құжаттармен қоса өртеніп кеткен болатын.

Тағы бір айта кететін жағдай – көктемде қар еріп біткен кезден бастап және қыс түсіп қар қалыңдағанша құдды теңіздегі «навигация» сияқты, дәл осы жолмен Нұра ауданының Баршын аймағындағы 12 елді мекеннің халқы баламасыз, жалғыз.

Құрметті Роман Васильевич!

Құланөтпес және Жараспай ауылдары арасындағы 21 шақырым жолға республикалық бюджет арқылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қоса, Құланөтпес пен Соналы ауылдары арасындағы 30 шақырымдық жолға аудандық жол мәртебесін беруді қарастыру қажет, – деді депутат Ү. Шапақ.