Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Президент трансферттік баға белгілеу жөніндегі құжатқа қол қойды
Фото: akorda.kz
794
оқылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заң халықаралық іскерлік операцияларда және осыған қатысты мәмілелерде трансферттік баға белгілеу ісін жетілдіруге бағытталған.

«Заңда нарық бағасын айқындау тетіктері қайта қаралып, тауар биржаларындағы трансферттік баға белгілеу мәселесіне бақылау енгізілді. Сондай-ақ мәмілеге қатысушы тараптарды өзара байланысты деп тану критерийлері кеңейтілді және өзара байланысты резидент емес тұлғалармен мәмілелерге қатысушылар үшін жергілікті есептілікті ұсыну міндеттемесі енгізілді.

Аталған түзетулер мен толықтырулар нарықтағы әділ бағаны айқындау және мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының жоғалып кетуіне жол бермеу үшін жасалып отыр. Сонымен қатар Заң трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша бақылау жүргізу кезінде тексеруші органдар мен салық төлеушілердің әкімшілік шығындарын азайтуды көздейді», – делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.