Бүгін Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы ұлттық дәстүрге де қатысты пікір білдірді.
Президент: Алып қашуды ұлттық дәстүр деп дәріптеу – ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық
921
оқылды

Ұлттық құрылтайда Президент қазір қоғамдық алаңда әлеуметтік мәселе ретінде жиі көрініс тауып жүрген "алып қашу" мәселесіне тоқталды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты.

 

«Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек», – дейді Президент.