Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурыз күні Атырау қаласында өтеді.
Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы Атырау қаласында өтеді
Фото: ortalyq.kz
759
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурыз күні Атырау қаласында өтеді, – деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, 2023 жылы 17 маусымда Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды.

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын ой-толғамдары мен ұсыныстарын ортаға салды.