Концертін кейінге қалдырғаны үшін көрерменнен кешірім сұрады
Әнші Ақбота Керімбекова көрерменнен кешірім сұрады
Фото: YouTube
4,449
оқылды

Әнші Ақбота Керімбекова алдағы концертін кейінге қалдырғаны үшін көрерменнен кешірім сұрады. Өнер иесі денсаулығына байланысты осындай шешім қабылдаған.

«Армысыздар, тараздық көрерменім! Келе жатқан мереке құтты болсын! Осы күндері өтетін концертімді кейінге шегеруге мәжбүрмін. Өйткені қатты сырқаттанып қалдым. Температурам 40 градустан түспей жатыр. Түсіністік танытуларыңызды сұраймын. Әлі талай концерт беремін», - деді әнші.  

Ақбота Керімбекова концерт жанды дауыста өтетіндіктен қазір денсаулығы маңызды болып тұрғанын жеткізді. 

«Қолайсыздық үшін кешірім сұраймын. Дәл қазір қатты ауырып тұрсам да, алдарыңызға шығып тұрмын. Аман болыңыздар!», - деп ағынан жарылды.