Газа аймағында ахуал әлі де тұрақсыз.
Бейбітшілік орнағанша Алжир табандылық танытады
911
оқылды

Алжир Республикасының атысты тоқтатуды талап еткен өзінің резолюция жобасына ауқымды қолдау тапты. 

Алжир Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі өзінің өкілеттігін палестиналық проблеманы, езгіге тап болғандардың жанайқайын толық қорғайтыны ақиқат. Алжир Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Аммар Бенджаме БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің алдында тұрып тағы бір мәрте растады. Бұл туралы  Алжирдің Қазақстандағы елшілігі хабарлады.  

АҚШ алжирлік резолюция жобасын қабылдамау үшін, қарсылық ветосын пайдаланғанына түсініктеме берген. Бенджаме бұл қарсылық білдіру шешіміне өзінің өкінішін айтты. Алжир әрдайым бейбітшілікті жақтайды. 

Расымен де, Палестина мәселесін халықаралық басымдықтың ең жоғары сатысына шығару үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан Алжир Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Араб және Африка тобының өкілі ретінде әділдікті ту етіп, палестиналықтардың мәселесіне бей-жай қарамайды. Қауіпсіздік Кеңесінің есігін қағып, Палестинадағы қантөгісті тоқтатуды талап етуге қайта оралады.

Осы ретте, Бен Джамме атысты тоқтатуға кедергі келтіргендерді өз есебін қайта қарауға шақырды. Өйткені бүгін қабылданған қате шешімнің ертеңгі күні зардабы ауыр.

Алжир қарарының жобасы Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынылған күні Алжирдің сөзі Халықаралық сотқа да жетті. Бұл президент Абдельмаджид Теббуннің тапсырмасы еді. Онда басқыншылыққа қатысты халықаралық заңдардың сақталу маңыздылығы мен құрметтелу қажеттілігі айтылып, Палестина халқына әділдік берілуі талап етілген. 

Алжир Республикасы Палестина ісін қорғау үшін Қауіпсіздік кеңесінің 1 қаңтардан бергі тұрақты емес мүшесі болғанға дейін де жұмыс істеді.

Газадағы бейбіт тұрғындар гуманитарлық көмекке зәру. Сондықтан Алжирдің Нью-Йорктегі Тұрақты өкілдігінің бастамасымен жарияланған баспасөз мәлімдемесінің жобасы бірауыздан қабылданды. 

Қаңтар айының соңында Халықаралық соттың шешімін жүзеге асыру үшін Газа секторындағы Палестина халқының тағдыры үшін шұғыл отырыс өткізді. 

Алжир Республикасы Африка Одағының мемлекет және үкімет басшылары ассамблеясының 37-кезекті сессиясында Африка елдерін Палестина мәселесін қолдауға шақырды.

Осы тұрғыда осы отырысқа Алжир президенті атынан қатысқан Алжир Сыртқы істер министрі Ахмад Аттаф Палестина ұлттық жобасын жою, екі мемлекет құру шешімін тоқтату және «Үлкен Израиль» жобасын қайта жандандыруға бағытталған жоспарын жүзеге асыруды жеделдетіп жатқан тұста, Палестина мәселесі өзінің ең қауіпті тарихи кезеңдерін бастан өткеріп жатқанына баса назар аударды.