Сыбайлас жемқорлық мәселесі елдегі басты проблемаға айналғалы қашан... Әсіресе білім беру саласындағы жемқорлық елдің дамуын тежеп қана қоймай, болашағына балта шабады.
Депутат: Білім беру ұйымдарында ресми тіркелмеген адамдарға жалақы аударылған
732
оқылды

Соған орай депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.

Соңғы кездері білім саласында миллиардтаған теңгені құрайтын қаржы жымқырудың көптеген фактісі туралы хабардар болдық.

Ең ауыры, бұл қаражаттарды жымқырушылар қатардағы бухгалтер-есепшілер.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің мәліметі бойынша, осы саладағы жосықсыз есепшілер қолданатын заңсыз схемалар жалақы қорынан ақша жымқыру фактісі екені анық.

Оның ішінде:

- Заңсыздыққа жол беріп, өз жалақысынан әлдеқайда жоғары жалақы тағайындалады;

- ресми тіркелмеген адамдарға жалақы аударылып келді;

- Қызметкер пен оның карточкасы біріздендірілмеген. Яғни Пәленшеев жұмыс жасайды, ал жалақысы Түгеншеевке аударылады;

- Бір қызметкерге заңсыз әрі бірнеше қаржы аударылуы;

- Сондай-ақ туыстары мен достарына ақша аударған.

Жоғарыда аталған фактілердің болуы:

Бірінші. Жүйелі бақылаудың болмауынан, әлі де орталықтан ауданға, ауданнан ауылға дейінгі жүйелі байланыс орын алмай тұр.

Екінші. Кедергісіз ұрлықтардың болуына қазіргі еңбекақыны есептеу және төлеу жүйесі де ықпал етті. Жергілікті қаржылық есепте ашықтық жоқ. Бұл «өлі жандарды» жұмыста ұстауға ғана емес, сонымен қатар «виртуалды» жұмысшыларды жұмысқа алуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, Алматы, Түркістан облыстары, Талдықорған және Қызылорда қалаларының есепшілері сотталды...

Кейбір азаматтар қылмыстарының әшкереленуіне байланысты өздеріне қол жұмсау, суицид фактілері көбейіп жатқан жағдайлар орын алып отыр.

Бұл өкінішке қарай «қылмыстық марафонды» әшкерелеудің бастамасы ғана.

Қазақстан Респуликасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, білім беру саласы көп жылдар бойы нағыз сыбайлас жемқорлықтың ордасына айналды.

Тіпті жүйеде жұмыс істейтіндер де, оны тексеретіндер де пара алды. Жақында ғана Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының бас инспекторының 26 миллион теңгені заңсыз алғаны да анықталды.

Білім саласындағы бақылау комитетінің Оқу-ағарту министрлігі құрылымында орналасуына байланысты салалық бақылаудың сапасы төмендеп отыр.

Сонымен қатар бұл жағдай тек «ақшаға» қатысты емес екенін депутат атап өткісі келеді.

Қазақстанның болашағы үшін білім беру саласы – әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық саласы. Біздің балаларымыздың білім сапасы саладағы жағдайдан зардап шегуде және бұл шығынды монетизациялау мүмкін емес,-дейді ол.

Оған қоса депутат Үкімет басшысына бірқатар ұсыныс та айтты.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде шұғыл түрде:

Білім беру ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің бизнес-процестерін, яғни жүйесін қайта  қарастыру. Керек болған жағдайда бақылауды тиімділігін күшейту үшін қайта аудандық, қалалық әкімдіктерге тікелей басқаруына, сол үшін бюджеттік кодекске басқа заңнамаларға сәйкестендіру,-деді ол.