Әсем Сейітова бұған дейін «Қазаэронавигация» РМК Экономика және тарифтер департаментінің директоры қызметін атқарған.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының орынбасары тағайындалды
Фото: t.me/caa_kaz
1,651
оқылды

Әсем Сейітова Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әсем Сейітова 1981 жылы дүниеге келген. 

2002 жылы университетті «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмәмдаған, экономика магистрі. Авиация саласында үлкен тәжірибесі бар, «Қазаэронавигация» РМК-да 10 жылдан астам түрлі лауазымдарда еңбек еткен. 

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстанның Мемлекеттік кіріс министрлігінде бастаған. Сонымен қатар Қаржы министрлігінің Салық комитетінде, «KazTransCom» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-да жұмыс істеген. 

Бұған дейін «Қазаэронавигация» РМК Экономика және тарифтер департаментінің директоры қызметін атқарған.