ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болған.
Ғабидолла Оспанқұлов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: СІМ
977
оқылды

Ғабидолла Оспанқұлов ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ол 1981 жылы 13 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін және Бирмингем университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Еуразия Консалтинг» ЖШС-те заңгердің көмекшісі ретінде бастаған. 2002 жылдан 2010 жылға дейін ҚР Парламенті Сенатында және ҚР Президентінің Парламенттегі Өкілдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2010-2019 жылдары Екібастұз қаласы әкімінің және Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді, ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2019 жылы «NurOtan» партиясының хатшысы болды. 2019 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, 2021-2024 жылдар аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болған.

Ағылшын тілін меңгерген.