Осыған орай Президент Әкімшілігіне, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке бұл мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Мемлекеттік қызметте «командамен көшу» әлі тыйылған жоқ – Президент
@AkordaPress_bot
1,017
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев жас мамандарды мемлекеттік қызметке бейімдеу үшін Тәлімгерлік институтын жандандыру мәселесіне баса назар аудара келіп, мемлекеттік қызметте «командамен көшу» үрдісі әлі тыйылмай отырғанын сынға алды. Осыған орай Президент Әкімшілігіне, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке бұл мәселені қатаң бақылауға алып, мұндай әрекеттерге батыл тосқауыл қоюды тапсырды.

– Жалпы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке заң жүзінде қосымша құзырет беру қажет деп санаймын. Олар еліміздегі кадр саясатына конструктивті тұрғыдан ықпал ете алуға тиіс. Әрине, бұл Агенттік басшылығына айрықша жауапкершілік жүктейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысқанда көтерген болатын.