Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Мәжіліс төрағасы Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған конференцияға қатысты
1,162
оқылды

Онда Бердібек Сапарбаевтың жақындары, қызметтес серіктері мен шәкірттері, Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары бас қосты.

Алдымен Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференцияға қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді.

 

– Бердібек Мәшбекұлы – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол әр жылдары жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Бірқатар өңірге және мемлекеттік органдарға жетекшілік етіп, парасатты, іскер әрі білікті басшы ретінде танылды. Халықтың ерекше сый-құрметіне бөленді. Қайраткер тұлғаның адами қасиеттері, кәсіби біліктілігі және адал қызметі – жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге, – делінген Президент хатында.

Жиында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закарья, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова және басқа да мемлекет, қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп,  Бердібек Мәшбекұлы туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

 

Конференцияда мемлекет және қоғам қайраткері жайлы  кітаптың тұсауы кесіліп, тағылымды өмір жолы туралы арнайы түсірілген фильм көрсетілді.