Бұл туралы Мемлекет басшысы Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.
Қатар мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты арттыра береміз – Тоқаев
836
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалайтынын айтты, –  деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

– Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен мазмұнды келіссөз нәтижелері бойынша қазақ-қатар қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ерекше сипатын сапар аясында қол қойылған өте маңызды құжаттар дәлелдейді. Қатар Мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз, –  деп жазды ол.