Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ел Үкіметінің алдында тұрған мақсаттар туралы өз ойларын ортаға салды.
Мәулен Әшімбаев: Ел экономикасының алдында айқын мақсаттар тұр
720
оқылды

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов еліміздің Премьер-Министрі болып тағайындалды.

Олжас Абайұлы – елдік мүдде жолында жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Сондықтан ол жаңа қызметте өзіне жүктелген маңызды міндеттерді мүлтіксіз орындайды деп сенеміз және соған тілектестігімізді білдіреміз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі таңда ел экономикасының алдында айқын мақсаттар тұр. Бұл бағыттағы бастамаларды жүзеге асыру үшін батыл шешімдер мен нақты істер қажет екені де айтылды. Осы ретте Парламент Сенаты Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі уақытылы орындау үшін Үкіметпен әрдайым қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін атап өткім келеді.

Олжас Абайұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік және толайым табыс тілеймін! – деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.