Қонаев қаласында Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына арналған «Туған жер» атты концерт өтті. Іс-шараға 13 жасында «боздаланың бозторғайы» атанған дүлдүл әншінің қызы Төрткен Кененқызы құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Алатауда басталған той
670
оқылды

Көрермен филармонияның жеке орындаушылары мен «Алты­най» мемлекеттік халық биі ансам­блінің және «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өнерін тамашалап, халық әндеріне сусын­дап қайтты. Қазақ өнерінің алтын қорына «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар» сияқты 100-ден астам тамаша ән қалдырып, Жетісу­дың ақиығы атанған, ой мен әсем әннің кеніші Кенен атамыз­дың 140 жылдық мерейтойы осы­лай­ша Алатау баурайынан бас­талды.  

– Кенен Әзірбаев атамыздың өнерлілігі және өзінің ақындығы, жалпы осы атамыздың 140 жыл­дығы бүкіл Қазақстан бойынша тойланады деп ойлаймыз. Енді Жам­был облысының тумасы бол­ғаны­мен, осы Жетісудың мектебін жалғастырған, Жетісудың ақиық ақыны саналғандықтан, біз деген өзіміздің бастаманы осы Алматы облысында өткізіп жатқан жайы­мыз бар, – деді Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония­сының директоры Данияр Құ­рамысов.