Apple өзінің бүктелетін гаджеттерін қандай түрде ұсынатыны белгілі болды.
Apple бүктелетін смартфон шығарады
Фото mvideo.ru сайтынан алынды
1,765
оқылды

Slashgear.com сайтының хабарлауынша Apple жиналмалы экраны бар гаджеттерін нарыққа 2026 жылдан ерте шығармайды. Aikyn.kz осы материалға сүйене отырып, Apple-дің жаңа өнімдерге қатысты жоспарымен таныстырады. 

Фото CNET сайтынан алынды. Авторлығы: Andrew Lanxon/CNET

Инсайдерлік ақпараттарда компания өзінің алғашқы жиналмалы девайстарын шығару мүмкіндігін қарастырып жатқаны жиі айтылуда. Бұл iPhone немесе iPad mini-дің орнына келетін планшет болуы мүмкін. Құрылғы 7-8 дюймдік дисплейге ие болады. Салыстыратын болсақ қазіргі iPad mini-де 8,3 дюймдік экран бар. Құпия ақпарат көздерінің айтқаны расталса, жаңа өнім 2026 немесе 2027 жылы нарыққа шығарылады.

Фото Letsgodigital сайтынан алынды.

Болашақ девайс OLED экранымен жабдықталады деп күтілуде. Америкалық корпорацияның серіктестері – Samsung Display және LG Display – Apple-ге 7 және 8 дюймдік экрандардың алғашқы үлгілерін жіберген.

Samsung бөлшектердің негізгі жеткізушісі болғысы келеді. Мына қызық парадоксқа қараңыз: смартфон нарығындаға бәсекелес корпорациялар бірінің өнімін бірі қолданбақшы!

Фото ixbt.com сайтынан алынды

Қазіргі уақытта Apple мен Samsung жиналмалы дисплейдің сипаттамасы жөнінде келісе алмай отыр деген қауесет таралуда. Компания өкілдері ұзақ жылдар бойы өзінің беріктігі мен басқа да қасиеттерін сақтайтын экран жасауға болатынын талқылауда.

Шағын планшеттен басқа Apple 20,5 дюймдік жиналмалы құрылғыны да қарастыруда. Ал, америкалық корпорацияның бүктелетін смартфоны алғашқы iPhone-ның шығуына 20-жыл толуына орай 2027 жылы жасалады деген болжамдар бар.

Фото dunyo.news сайтынан алынды

Америкалық корпорация туралы қысқаша мәліметтер

Apple-дің нарықтағы капиталдарының құны 2 трлн долларды құрайды. Әлемдегі iPhone-ды қолданушылар саны 1,5 млрд адамды құрайды, жыл сайын 150 млн жаңа iPhone сатылады. Бұл брендті қолданушылар өздерінің құрылғыларын 3-4 жылда бір рет жаңасына ауыстырады.