Бұған дейін қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте дәл бұлай жоғарылаған емес. Осыған дейін рейтингте 27-сатыда тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жеткен болатын.
16 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингісінде 16-орынға көтерілді. Осылайша, ол отандық жасөспірімдер арасындағы ең үздік көрсеткішті тіркеп отыр.