Қырғыз тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекке ресми сапармен барды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қырғызстан президентімен кездесті
1,022
оқылды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді Бішкекке ресми сапары барысында Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қабылдады.

Қырғызстан басшысы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, стратегиялық әріптестікті тереңдетуді, орнықты саяси диалогты дамытуды, сондай-ақ екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық өңірлік ұйымдар шеңберінде де тиімді өзара іс-қимылын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Министр Қырғызстан президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізді.

 

Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды. Достық, бауырластық, құрмет пен тату көршілік негізінде одақтастықты тереңдетуге өзара бейілдік расталды.

Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу аса жоғары және жоғары деңгейлерде сенімді диалогты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.