Бүгін ұлт перзентінің 80 жылдығына орай алматылықтар оның жетістіктерін, идеялары мен істерін еске алуға жиналды.
Заманбек Нұрқаділовтің туған жерінде ескерткіші бой көтереді
2,106
оқылды

Олардың арасында белгілі саясаткерлер мен танымал тұлғалар: түрлі партия мен қозғалыстың өкілдері, депутаттық корпустың мүшелері, жазушылар, музыка қайраткерлері және басқалары бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бәрі Заманбек Нұрқаділов туралы жылы естеліктерді еске түсіріп, Қазақстанға осындай мықты саясаткерлер керек екенін айтты. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың хаттары да оқылды.

Zakon.kz-тің жазуынша, Президенттің хатында Заманбек Нұрқаділовтің туған жері – Алматы облысы Кеген ауданында ескерткіш, ал Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылатыны айтылған.

Жиналғандардың көбі Нұрқаділовтың олармен бірге түрлі жобаға қатысқанын, инвестиция тартып, халықты жұмыспен қамтамасыз еткенін айтты.

Сөз сөйлегендер "Заманбек Нұрқаділовтің есімі қала тұрғындарының жүрегінде көпке дейін сақталатынын" да айтты.