Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді. Өткен жылды қорытындылап, алдағы жылдың айқын жоспарын жария етті.
Мектепте ғылыми-зертханалық аудиторияны көбейту керек
1,654
оқылды

Менің ойымша, еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, жайлы мектептердің көбейгені құптарлық іс.  

Адамзат баласы жаралғаннан бері болашаққа үлкен жоспар құрумен келеді. Егемен еліміздің ертеңі біздің – жастар. Бәсекеге қабілетті саналы ұрпақ тәрбиелегеніміз, еліміздің іргесінің тас қамалы. Тарих сахнасынан сүрінбей «Білімді мыңды жығар» деген тәмсілді ата-бабаларымыздың ақылдыны жоғары санағаны да соның бір дәлелі. 

Осы уақытқа дейінгі адамзаттың инновациялық жетістіктері ғылыммен тікелей байланысты. Кез келген күрделі жүйенің астында ғылым тұр. Сол себепті тамыры деп айта аламыз. 

Діңгегін көшпенділіктен алған қазақ даласы, сонымен қатар қай заманда да ғалымдардан да кемде-кем болмаған. Атын атап, түсін түстемесек те белгілі. 

Заман ағымы қарыштап инновациялық өркендеу дәуіріне келіп тірелгеніміз хақ. Осы орайда әлем дамуынан артта қалмау үшін күш-жігерімізді ғылым мен білім саласына қарқынды салғанымыз абзал. Ол үшін елімізде бірталай жұмыстар мен іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, оған алғысым шексіз. 

Ғылым мен білімнің қайнар көзі ол балалар мен жастар. Өткен 2023 жыл еліміздің демографиясындағы басты сүйінші жаңалығымыз халық санының жиырма миллионға жетуі. 

Президентіміздің сұхбатында жаңа мектептер құрылысының басталуы көңілімді елең еткізді. Халқымыздың санының өсуіне, балаларымыздың сапалы білім алуына бастайтын бірден-бір жол деп есептеймін. 

Ендігі менің үлкен бір ұсынысым сол мектептерге ғылыми-зертханалық аудиторияларды көптеп салса деген игі ой.

Ерік Серікұлы, Сәтбаев университетінің жас ғалымдар кеңесінің төрағасы