Сенатор Ернұр Әйткенов Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығы ардагерлерімен кездесу өткізді.
Депутат Павлодарда егіншілермен кездесті
922
оқылды

Кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығындағы проблемалық мәселелерді талқылады. Фермерлер бұл саладағы жағдайға және ауқымды аумақтағы топырақтың азып-тозып кетуіне орай алаңдаушылық білдірді. Ауыл еңбеккерлері сондай-ақ топырақты сауықтыру және ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту жөнінде ұсыныстар айтты.

«Ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикасына тікелей әсер ететін орасан зор сала. Мемлекет басшысы осы саланы дамыту мәселелеріне бірнеше рет назар аударған болатын. Депутаттар өз кезегінде заңнамалық базаны жақсартып келеді. Мысалы, депутаттардың бастамасы бойынша жайылымдар туралы заң дайындалды, ол саладағы жағдайды жақсарта түседі», - деп атап өтті сенатор.  

Депутат Павлодар қаласындағы «Жайлау» фермерлер базарында болды. Ернұр Әйткенов облыстың шаруа қожалықтары өсіретін көкөніс өнімдерінің бағасымен танысты.