Өңірлерге сапарға шығу – Сенат жұмысының негізгі және маңызды бағыттарының бірі. Депутаттар Амангелді Нұғманов пен Бауыржан Қаниев мәслихат депутаттарымен және жұртшылықпен кездесуде Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.
Амангелді Нұғманов: Сенат проблеманы заң шеңберінде шешуге дайын
1,373
оқылды

Парламентшілер кездесу барысында бүгінге дейін автомобиль жолдарының жай-күйі, экологиялық ахуал, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, сондай-ақ инфрақұрылыммен және интернетпен қамтамасыз ету мәселелері өңірде әлі де маңызды екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта азаматтарымыздың өмір сүру сапасын және жалпы әл-ауқатын жақсарту үшін бұрын айтылған барлық мәселелерді шешу қажеттігі туындап отыр. Біз, сенаторлар, өңірлердің өкілдері ретінде осы мәселелерге, оның ішінде заңнамалық деңгейде барлық көмек көрсетуге дайынбыз»,  деді сенатор Нұғманов.

Кездесуге қатысушылар кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы салаларын дамытудағы және әлеуметтік маңызы бар объектілерді салудағы осындай маңызды проблемалық мәселелер туралы пікір алмасты. Сенаторлар Президенттің  Egemen Qazaqstan  газетінде жарияланған сұхбатын мәслихат депутаттарымен бірге талқылады.