Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.
Тоқаев Ресей президентінің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына келді
1,319
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.