Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақ­стан­дағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабыл­дады.
Инвестициялық ынтымақтастық
1,120
оқылды

Кездесу барысында Қазақстан мен Аме­рика Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қаты­настарды дамытуға, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ай­туын­­ша, екі ел қауіп­сіз­дік, орнықты даму, кли­­мат проблемасы, гуманитарлық байланыс жә­не басқа да көптеген сала бойынша ын­ты­мақ­тастық ор­натқан.

Мемлекет басшысы экономикалық ықпал­дас­­­тықты екіжақты қатынастардың негізгі тірегі ре­тінде атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Инвес­тиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты.

Сонымен қатар кездесуде сауда, көлік, логисти­ка, «жасыл» энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байла­ныс­тарды арттыру мүмкіндіктері тал­қыланды.