Қазақстандағы Алжир елшілігі мәдени іс-шара өткізді.
Бодандықтың шылбырын үзген күн
1,852
оқылды

Алжирдің тәуелсіздігі жолында шешуші рөл атқарған 1960 жылы 11 желтоқсан күні болған шеруді еске алды. Мерекелік іс-шара елшіліктің Төтетнше және өкілетті елшісі Камал Финиш мырзаның бастамасымен ұйымдастырылды. 

 

«Міне, біз осынау керемет өлке – Қазақстанда мерекелік іс-шара ұйымдастырып отырмыз. 1960 жылдың 11 желтоқсанында орын алған шерулер даңқты революция жолында шешуші бетбұрысқа айналды. 1960 жылдың 11 желтоқсанында мыңдаған Алжир халқы шеруге шықты. Отаршылдыққа үзілді-кесілді қарсылық көрсетті. Әйтсе де, француз отаршылары Алжирдің тәуелсіздігін барлық қалаларда бейбіт жолмен талап етіп шыққан жас-кәріні аяусыз жаншыды. Азаттық жолында жанын пида еткен қаһармандардың рухына тағзым етеміз», – деді елші.  

Елші бұған дейін  «Қаһармандардың мәйіті судың бетіне қалқып шығып жатты» деп Алжир халқы азаттыққа табындылықпен қол жеткізгенін айтып еді.