Мал шаруашылығында қазірдің өзінде қордаланған мәселе көп. Соның бірі – шет елден мал әкелу процесі.
«Агрогенетикс» арқылы шетелден мал әкелмек болғандар ақшасынан айырылды
1,412
оқылды

Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов депутаттар атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады. Ол өзі айтқан сөзінде шет елден келетін малды жеткізу операторы саналатын «Агрогенетикс» компаниясының заңсыздығына қатысты нақты сұрақтар қойды.

Құрметті Берік Ноғайұлы! Шет елден мал әкелу кезінде құқық бұзушылықтар Қазақстаңда қайталап орын алып отыр.

Биыл 24 қарашада «AMANAT» партиясы жанындағы Аграрлық кеңесінде Павлодар облысының 2 азаматынан келген өтініштер қаралды.

2020 жылы мемлекеттік мекемелер фермерлерді «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына» шақырып, «шет елдік малды жеткізу операторы» деп Қостанай қаласының «Агрогенетикс» компаниясымен таныстырады.

Фермерлер несие рәсімдейді, «Аграрлық несиелік корпорациясы» тез арада 100% аталған жобаларды қаржыландырады.

«Агрогенетикс» серіктестікпен келісімшарт жасасып фермерлер еуропалық «Lucas.» компаниясынан асыл тұқымды мал алу үшін есеп шотына 100% төлем жасайды.

Бірақ та серіктестік 2021 жылдан бері малды жеткізбейді, ал бұл жағдай фермерлерді сотқа жүгінуге мәжбүр етті, сот олардың пайдасына шешім шығарды.

«Агрогенетикстің» мүлкі жоқ екеніне сәйкес соттың шешімін орындау мүмкін болмай отыр.

Нәтижесінде, фермерлер несиелік серіктестіктерге қомақты сомаға қарыз болып шықты Бейсембаев – 42 млн теңге, Кишев – 85 млн теңге.

Қазіргі кезде олардың жеке мүліктері тәркіленіп, есепшоттары жабылды. Арыздары бойынша қозғалған қылмыстық істер әртүрлі себептермен тоқтатылды.

Осы жағдайларға байланысты прокурорлық назарды талап ететін бірнеше сұрақтар туындап отыр:

1) Фермерлердің ойынша, айтылған «Агрогенетикс» серіктестікті мал жеткізуші «оператор» ретінде таңдауда лобби жасаған «Павлодар» әлеуметтік корпорациянын басшылары мен мемлекеттік мекемелердің әрекетінің заңдылығын анықтау;

2) Малды алу мен жеткізу фактісін нақтыламай жеке несиелік мекемелер арқылы фермерлерге 100% қаражатты берген «Аграрлық несиелік корпорациясының» әрекетінің заңдылығын анықтау;

3) ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне қылмыстық іс қозғауға тапсырма беру.

Осы өтініштерді қарау барысында шет елдік малды сатып алуда қарапайым фермерлердің мүддесін қорғауға, несиелік қаражат қай жерде отырғанын анықтауға және қайтаруға басты назар аударуларыңызды сұраймыз, – деді депутат Нұржан Әшімбетов.